Абай облысында еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі сұрақтар қарастырылды
Абай облысы әкімдігінде әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Отырысқа комиссия өкілдері, облыстық басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері, сондай-ақ кәсіпорын басшылары қатысты.
Күн тәртібінде облыс кәсіпорындарындағы жалақы берешегі, құрылыс объектілеріндегі жүк көтеру механизмдерінің (мұнара крандарының) операторларына байланысты өндірістік жарақаттанудың алдын алу және өлім-жітімді азайту, облыстық үшжақты комиссиясының 2024 жылға жұмыс жоспарын бекіту, «Парыз» және «Алтын Сапа» республикалық конкурстарының қорытындылары туралы мәселелер қаралды.
Отырыс барысында Нұрлан Ұранхаев облыстық үшжақты комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы хаттамалық тапсырма берді.
Сонымен қатар, «Парыз» және «Алтын сапа» байқауларының жеңімпаздары Абай облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Semeynews.kz