2023 жылғы 10 желтоқсанда Абай облысы Семей қаласының Шүлбі кенті әкімінің сайлауы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шүлбі кентінің сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1909 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 1110 сайлаушы дауыс берді.
Шүлбі кентінің әкімі лауазымына 1987 жылы туған, “Шүлбі кенті әкімінің аппараты” ММ бас маманы, Шүлбі кентінде тұратын Қалиева Арай Сейсембекқызы сайланды.
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45 – бабына, 2023 жылғы 11 желтоқсандағы шешімімен Шүлбі кентінің сайланған әкімі ретінде Қалиева Арай Сейсембекқызын тіркеді.
Semeynews.kz