Абай облысыҚоғамТОП

«Ерлігі үшін» медалінің иесін іздейміз

«Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігіне Эстониядағы әріптестерінен қазақ жауынгеріне тиесілі «Ерлігі үшін» медалінің қолдарына түскені туралы хат келіпті.

Медальдің нөмірі бойынша ізідегенде оның бұрынғы Семей (қазіргі Абай) облысында 1921 жылы туған Ахметов Тұрсынғалидың марапаты екені анықталды. «Ерлігі үшін» медалі оған 1947 жылы табыс етеліпті, сондай-ақ 1985 жылы тағы бір мерейтойлық медальмен марапатталғанын да белгілі болды. Демек, Тұрсынғали Ахметов майданнан аман-есен оралған. Енді көзі тірі болса майдангердің өзін, болмаса тікелей ұрпақтарын іздейміз.

Осы ақпаратты әлеуметтік желі арқылы көпшілікке таратулаыңызды өтінеміз. Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +7 771 287 21 11 (Әлия), БАҚ үшін: +7 775 171 33 77.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button