ҚоғамСемейТОП

Семейде Шығыс кентінің көшелеріне жарықтандыру жүргізілді

Биыл Семей қаласының әкімдігі қаланың орталық бөлігін ғана емес, шеткері аумақтарды да дамыту жоспарын әзірлеп, жаз маусымында шалғай кенттер мен елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы Шығыс кентіндегі Целинная, А. Көшкінбаева, 1, 7 линия, Декоративная көшелерінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Шығыс кентінде ескірген аялдама павильондары ауыстырылып, жаңа жол белгілері орнатылды. Шығыс кентінің саяжай массивтерінде 50-ден астам қоқыс контейнерлері орнатылды.

Бұдан бөлек, 4 саяжай, 5 линия, 10, линия, 11 линия көшелерінде жалпы саны 100 жарық бағаналары орнатылып, жарықтандыру жүргізілді.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс кентінде аумағы 8 мың шаршы метр аумаққа салынған Декоративная көшесіндегі қоғамдық кеңістік қолданысқа берілген болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button