Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Ұлттық ұлан​ жауынгері​ самбодан ел чемпионы атанды

Таяуда Семей қаласында жауынгерлік самбодан Қазақстан кубогі Қабанбай батыр мемориалы​ сарапқа салынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үш жүзден астам балуан боз кілемде кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы додада «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ​ намысын 5518 әскери бөлімінің жауынгері ​ Азамат Байғожин қорғады. Күш сынасқан қарсыласын шаң қаптырған әскери қызметші өткізген төрт белдесуін айқын басымдықпен ұтты. Нәтижесінде​ 71 келі салмақ дәрежесінде​ ел чемпионы атанды.

  • Мен былтыр бұл сайыста екінші орын алдым. Астана қаласынан қатысқан балуанға есемді жіберіп алып едім. Бұл жолы жатпай-тұрмай дайындалып, ақтық сайыста тағы да экс-чемпионмен жолығып, текетіреске толы белдесуде жеңіске жеттім. Осы орайда, маған қолдау танытқан Ұлттық ұлан қолбасшылығына айтар алғысым шексіз,- дейді 5518 әскери бөлімінің қызметшісі лейтенант Азамат Байғожин.

Зайсан ауданының тумасы мектеп қабырғасында еркін күреспен шұғылданған. Алайда,​ әскери салада қызмет атқарғалы жауынгерлік самбоны жанына серік етіпті. Өйткені, қызмет барысында ​ жауынгерлік самбо әдістерін қолданады екен. Еркін күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаровты үлгі тұтатын спортшы алдағы уақытта халықаралық байрақты бәсекелерде ел намысын қорғауды мақсат тұтады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button