Ақсуат ауданында спорт инфрақұрылымы даму үстінде
Биыл Ақсуат ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында дене шынықтыру және спорт кешені ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі таңда кешенде балалар мен жастар белсенді түрде спортпен айналысып отыр.
Құрылыс алаңы – 1033,40 шаршы метр. Кешенде бокс, волейбол, жүзу, тау спорты және қол күресі бөлімі бар. Сонымен қатар, бөлімдер барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған.
Кешеннің функционалдығы әртүрлі спорт түрлерін қамтиды. Яғни кешенде бокспен 60 оқушы, волейболмен 56 оқушы, гір көтеруден 14 оқушы, жүзуден 60 оқушы, қол күресінен 28 оқушы жаттығады. Кешен аз ғана уақыт ішінде балалар мен жастардың дамуына мүмкіндік жасайтын орталыққа айналды.
Жалпы, 2023 жылы Абай облысында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Облыста барлығы 1250-ге жуық спорт кешені бар.
Semeynews.kz