Абай облысыБизнесҚоғамТОП

Абай облысының Көкпекті ауданында жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылды

Аудан орталығы – Көкпекті ауылында жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Супермаркеттің ашылу салтанатына Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, кәсіп иелерін «Толағай табыстары үшін» медалімен марапаттады.

Супермаркетте сапалы және төмен бағадағы азық-түліктер, жеміс-жидектер және тұрмысқа қажетті тауарлардың барлығы бар. Қазіргі таңда аталмыш нысан 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде.

Жалпы ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 1398 құрайды. Аймақ бойынша жалпы 115 дүкен болса, оның 105-і азық-түлік дүкені.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button