Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында әлеуметтік-экономикалық даму бойынша оң серпін байқалады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz. 

Жыл көлемінде, ай сайын, барлық индикаторлар бойынша тұрақты өсім сақталуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев хабарлады.

«Бүгінгі таңда өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы – 107,5% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 4,2%-ға өсіп, 426,2 млрд тенгені құрады. Құрылыс саласында өсім – 141,1%-ға, өнеркәсіпте – 106,3%-ға, ішкі саудада – 103%-ға, ауыл шаруашылығында – 101,7%-ға тіркелді. 233,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2443 отбасы баспаналы болды», – деді спикер.

Өндіріс қарқыны әлеуметтік көрсеткіштерге де оң әсерін тигізді. Облыс бюджетінің өз кірістері 141%-ға өсіп, қазынаға 87,4 млрд теңге түсті. Биыл облыс бюджетінің көлемі 419,2 млрд теңгені құрады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button