Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының әкімі Еңбек ардагеріне «Құрмет» орденін табыстады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Еңбек ардагері Әбдеш Имахановқа «Құрмет» орденін табыстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

98 жастағы облыс тұрғыны Әбдеш Имаханов салтанатты іс-шараға қатыса алмағадықтан өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев еңбек ардагерінің үйіне арнайы барып құттықтап, «Құрмет» орденін табыстады.

Әбдеш Имаханов өзінің бар ғұмырын туған өңірін көркейтуге арнады. 1970-1978 жылдар аралығында ауылдық кеңесті басқарып, ауданның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Еділбай қойының тұқымын жаңғырту бағытында үлкен жұмыс атқарды. Осы саладағы жетістіктерінің арқасында совхозға «асыл тұқымды мал өсіргені» үшін сертификатпен берілді. 2002 жылы Әбдеш Имаханов Қасқабұлақ ауылдық округіндегі «Шіліөзек» учаскесінде «Әбдеш ата» атты жеке шаруа қожалығын құрды.

Ақсақалдың жеткен жетістігі ауыл шаруашылығындағы қажырлы еңбегімен ғана шектелмейді. Әбдеш Имаханов өзінің көпбалалы отбасымен мақтанады. Ардагер 10 бала өсіріп, бүгінде 37 немере, 24 шөбере сүйіп отыр. Еңбек ардагерінің отбасылық құндылықты дәріптеуі және қоғам өміріне белсене араласуы болашақ ұрпаққа үлгі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button