Семей қаласының әкімі құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді мерекелерімен құттықтады
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Құрметті Абай облысының ТЖД, Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері!
Сіздерді Қазақстан Республикасының «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Күнделікті дабыл бойынша отпен күресіп, төтенше жағдайлардың алдын алып, оларды жоюды қамтамасыз ететін азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің мемлекеттік маңызы арта түсуде.
Сіздер өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, төтенше жағдайларға тосқауыл қойып, тұрғындар өмірін құтқаруда ерен еңбек сіңіріп жүрсіздер.
Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін атқарып жатқан қажырлы еңбектеріңіз бен абыройлы қызметтеріңіз халық алдында әрдайым жоғары бағаланады. Жауапты жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов