Абай облысыҚоғамСайлауТОП

Әкім сайлауы – халық таңдауы

Осы жылдың 5 қараша күні елімізде саяси-әлеуметтік маңызды шара аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің алғашқы сайлауы өтеді.

Сайлау 3 қала мен 42 ауданда халықтың тікелей қатысуымен өтеді. Орталық сайлау комиссиясы өңірдегі аумақтық сайлау комиссияларына нормативтік және әдістемелік қолдау көрсетуге толықтай дайын.

Перезидент бастамасымен өтетін саяси науқан қазіргі уақытта алдын ала бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша жүруде.

– Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Түптеп келгенде, аудандарда сайлау өткізу – халық билігін орнатудың айқын көрінісі болмақ. Сондықтан құзырлы мемлекеттік органдарға қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», – деген еді Мемлекет басшысы.

Еліміздегі маңызды саяси-әлеуметтік оқиға аудан және қала әкімдерін сайлау демократиялық үрдістерді дамытып, халықтың атқарушы билікке деген сенімін арттырады деген пікірде Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің эксперті.

– Аудан және қала әкімдерін сайлау сол жердегі әлеуметтік мәселелерді жылдам және сапалы шешуге ықпал етеді. Экономикалық дамуға серпін беріп, бюджетті игеруде сапалы жұмыстар атқарылады. Себебі халық сайлаған әкімде жауапкершілік артып, халықтың ой-пікірімен санасады. Президент бастамасымен өтетін бұл сайлау халық пен биліктің жауапкершілігін арттырады. Экономикалық өркендеуге және жергілікті жердегі мәселелерді шешуде халықтың қатысуын қамтамасыз етеді,- дейді экономика ғылымдарының PhD докторы, қауымдастырылған профессор Арайлым Оразғалиева.

Әкімдердің сайлауына үміткерді ұсыну саяси партиялар арқылы және өзін-өзі ұсыну арқылы жүргізіледі. Кандаттарды ұсыну 16 қыркүйекте басталып, 5 қазанда аяқталды. Одан кейін үміткерлерді заң аясында тіркейді. Сайлау алдындағы үгіт-насихатқа 24 күн (10 қазан мен 4 қарашаның аралығы) беріледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button