Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде Заря шағын ауданында жаңа мектеп салынуда

Білім беру нысаны 1200 орынға есептелген. Құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталып, жаңа оқу маусымында мектепті ашу жоспарлануда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрылыс басшысы Руслан Танановтың айтуынша, болашақ білім беру мекемесі толығымен заманауи талаптарға сай болады.

  • Мектепте 4 заманауи компьютерлік сыныппен қатар, жаңа талапқа сай жабдықталған кабинеттер болады. Білім нысанының жобасына сәйкес, арнайы лифттер, кіші және жоғары сынып оқушыларына арналған жеке спорт зал мен АКТ залы да қарастырылған. Мектеп 1200 оқушыға арналған, – деді Руслан Тананов.

Сондай-ақ, құрылыс басшысы мектеп келесі оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілетінін атап өтті.

  • Мектепті KAZ Minerals компаниясы әлеуметтік жауапкершілік аясында салынуда. Мұнда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының талаптары орындалады. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары ғимаратқа бөлек есіктен кіреді. Сондай-ақ, оларға жеке спорт залда қарастырылған. Келесі оқу жылы басталғанға дейін мектепті пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз, – деді Руслан Тананов.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қаланың бас жоспары Заря шағын ауданына да қатысты екенін атап өтті.

  • Бас жоспарды іске асыру аясында Заря шағын ауданының 72 гектар жері қамтылады. Осы аймақта конгресс-холл, стадион, мектеп бой көтереді. Мұнда заманауи Жаңа-Семей аумағы болады. Конгресс холл, жаяу жүргіншілер көпірі мен басқа да жобаларды таныстырамын. Қосымша жасыл аймақтар да қарастырылған. Қажетті жерлердегі ескі үйлерді бұзу жұмыстары жүргізіледі, жер әрине,тегін алынбайды, иелерене заң аясында қаражат төленеді. Молдағалиева көшесінің бойында жаңа жағалау салынатын болады, – деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button