Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП
Абай облысы Курчатов қаласында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Курчатов қаласында 7000 шаршы метрден астам жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын жолдардың жай-күйіне бақылау жүргізіліп, қажетті шараларды іске асыру үшін қала бюджетінен қаражат бөлінді.
Жұмыс сапасын бақылауға ерекше назар аударылды. Сапалы жол құрылысын қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстарының әрбір кезеңі мұқият тексерілуде.
Бүгінде 700 шаршы метрге жуық қана жол жабыны қалды. Жөндеу жұмыстары жақын арада аяқталады деп жоспарлануда.
Semeynews.kz