Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП

Абай облысы Көкпекті ауданындағы Ажа ауылында мәдениет үйі ашылды

Абай облысының Көкпекті ауданы Ажа ауылдық округінде 300 орынға арналған тұратын жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мәдениет үйінің ашылу салтанатында аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы арнайы қатысты. Сондай-ақ, осы ауылдан түлеп ұшқан ауыл тұрғындары мен азаматтары болды.

Бұл мәдениет үйі Ажа ауылында дүниеге келген Кенжебаев Қайрат Құмарұлының бастамасымен және ауыл халқының қолдауымен бой көтерді. Аудан әкімі ғимраттың салынуына ат салысқан жандарды төс белгі және алғыс хаттармен марапаттады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button