Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Абай облысында «Еңбек жолы» өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Абай облысында Еңбек күнін мерекелеу аясында «Еңбек Жолы» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Конкурс жыл сайын екі кезеңде – «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациялары бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.

Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев шараға қатысушыларды Еңбек күнімен құттықтап, жұмысшы әулеттердің іскерлігін атап өтті.

Абай облысындағы байқаудың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша жалпы еңбек өтілі 592 жылды құрайтын теміржолшылар әулетінің атынан шыққан Еңсебаевтар отбасы бірінші орынды иеленді. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 39 жыл Жарма аудандық ауруханасында жұмыс істейтін Сара Сүлейменова жеңімпаз атанды. «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша Әйгерім Агатанова жеңіске жетті. Сондай-ақ, ол осы номинация бойынша республикалық кезеңнің бас жүлдесін иеленді. Әйгерім қазіргі таңда «Восток Бройлер» ЖШС-де бас мал дәрігері болып жұмыс істейді.

Сонымен қатар, шаруа қожалықтарыдың, зауыттардың және түрлі кәсіпорындардың өкілдері алғыс хаттарға ие болды.

Орталық Арбатта салтанатты шарадан басқа Бос орындар жәрмеңкесі, «Еңбек адамы» көрмесі және мемлекеттік грант иегерлерінің өнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, шараға қатысушыларға пайдалы кеңестер берілді.

Мереке Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әртістері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button