Абай облысыҚоғамМерекеТОП

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс тұрғындарын еңбек күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адал еңбек – барлық игіліктердің басты негізі және кез-келген қоғамның өркендеуінің кепілі.

Еңбек күні – еліміздегі еңбек адамына деген терең құрметтің белгісі. Бұл мерекеде кез-келген уақытта өзекті құндылық болып табылатын – еңбекке деген құрмет, әлемді жақсартуға және жаңашылдыққа деген ұмтылыс тоғысқан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еңбек адамдарының беделін арттыру, қолайлы еңбек жағдайларын жасау, өмір сүру деңгейін арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Осы орайда, еңбек нарығында тұрақтылықты сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс үлкен маңызға ие. Бұл ретте, облысымызда тек жыл басынан бері 19 мыңнан аса жұмыс орны құрылды.

Абай облысы – көптеген ұжымдарда қалыптасқан еңбек әлеуеті жоғары аймақ. Облысымызда жүзеге асырылған әрбір жобаның артында мыңдаған еңбек адамдары тұр. Әр тұрғынның кәсібилігі, жауапкершілігі арқасында облысымыз дамып, өмір сүру үшін тартымды әрі жайлы бола түсуде.

Бүгінгі мереке күні сіздерге зор денсаулық, Әділетті Қазақстан құру жолындағы еңбектеріңізге жаңа табыстар және амандық тілеймін!

Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button