Семейде «Аман келешек» инклюзивті фестивалі өтті

Қала күніне орай Семей қаласында тұңғыш рет ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Aman keleshek» фестивалі өтті. Іс-шараға қазақстандық спортшы Илья Ильин қатысып, шеберлік жаттығуларын көрсетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Іс-шара барысында құттықтау сөз сөйлеген Нұрбол Нұрсағатов, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата- аналарға өз алғысын білдірді.
«Қазіргі таңда қаламызда бір мың төрт жүз ерекше қажеттілікті қажет ететін балалар бар. Мемлекет аталған балаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Олардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі.Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға барлық жағдай жасалып, сапалы білім берілуі тиіс. Олар әлеуметке сіңіп, даму даңғылынан қалмауы қажет”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Іс-шара барысында инклюзивті бағдарламалар негізінде сурет және кескіндеме, қағаз үлгілеу, сәндік-қолданбалы өнер және флористика сияқты төрт бағыт бойынша шеберлік сабақтар өткізілді. Әр жастағы балалар өздерінің тәлімгерлерімен әр түрлі аппликациялар жасады.
Сондай-ақ, түрлі тақрыптағы шеберлік сабақтары мен қойылымдар қойылды. Ерекше қажеттілігі бар балаларға сыйлықтар берілді.
Semeynews.kz