Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде “Benelux Bicycle Tour” велошеруі өтті

Бүгін қала күніне орай, Семей қаласында “Benelux Bicycle Tour” велошеру жоғары дәрежеде өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Веложарыстың негізгі бастамашысы Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшісі – Андре Картсенс. Бұл веложарыс елімізде Астана, Алматы, Ақтөбе сынды қалаларынан кейін біздің Семейімізде өткізілуде.

Веложарысқа 500-ге жуық велосипедші жиналды. Велошерудің негізгі мақсаттарының бірі-велосипед мәдениетін дамыту. Велошеруде қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов сөз сөйледі.

“Қала күні аясында осындай мәртебелі велошерудің қалымызда болып жатқандығы бәріміз үшін зор қуаныш. Әрқашанда жаңа белестерді бағындырып, жоғары жетістіктерге жете берулерініңізге тілектеспін”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Бұл веложарыс елімізде Астана, Алматы, Ақтөбе сынды қалаларынан кейін біздің Семейімізде өткізілуде. Велошеруге қатысулар Орталық алаң арқылы Селевин көшесіне дейін барып, 10 км жүріп қайтты.

Іс-шара барысында шеруге қатысушылар арасында ұтыс ойындары ұйымдастырылып, қала тұрғындарына сыйлықтар таратты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін қала күніне орай іс-шаралар күні бойы жалғасады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button