Абайская областьТОП
Полицейлер велосипед ұрлаған Абай облысының тұрғынын ұстады
Тамыз айында жергілікті тұрғын Семей қаласының полиция басқармасының “102” жедел арнасыны үйдің кіреберісінде тұрған велосипедтің ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Жәбірленуші көзін ала бере белгісіз ұрлықшы велосипедін ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде облыстың 35 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды. Дәлел ретінде одан велосипед тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.