Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП

Абай облысының Абай ауданында 21 тұрғын үй бой көтеруде

Абай ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үй салынуда. Қазіргі таңда қос пәтерлі 21 тұрғын үйдің құрылысы басталған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Атап айтсақ, 65 және 85 шаршы метрден тұратын құрылыс Саржал, Кеңгірбай би, Қасқабұлақ, Құндызды, Көкбай ауылдарында жүріп жатыр. Сонымен қатар Қарауыл ауылында да қос пәтерлі 11 үй салынуда. Берілетін тұрғын үйдің 1 шаршы метрі – 170 000 теңгені құрайды.

Жеке меншік инвесторлар құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың сәуір айында бастаған. Баспана желтоқсан айында дайын болып, халық игілігіне беріледі деп күтілуде. Абай ауданындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылар алдағы жаңа жылды, жаңа баспанада қарсы алмақ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button