Семей полигонының 100 гектардан астам жері «Қазмырыш» компаниясына берілмек

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында жер учаскелерін ауыстыру және беру туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Абай облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы босалқы жер санатынан ауданы 119,03 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметінің, қорғаныстың, ұлттық қауіпсіздіктің мұқтажы үшін және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де мақсаттар үшін жер санатына ауыстырылсын.
«Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін кәсіпорынның өнеркәсіптік қалдықтар полигонын салу және пайдалану үшін 2039 жылға дейінгі мерзімге уақытша пайдалану (жалға алу) құқығы берілсін», – делінген Әлихан Смайылов қол қойған қаулыда.
Қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Semeynews.kz