Абай облысыҚоғамМәдениетТОП

Абай облысының Бесқарағай ауданында жаңа сәулеттік ескерткіш және ауыл клубы ашылды

Бесқарағай аудананың орталығында «Жеті қазына» жаңа сәулеттік ескерткішінің, Бозтал ауылында ауылдық клубтың салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Іс-шаралардың барлығы Конституция күніне орай ұйымдастырылды.

«Жеті қазына» монументі символдық жәдігер ғана емес, қазақ халқының қайталанбас салт-дәстүрін, құндылықтарын көрсететін, сондай-ақ, жеті санына байланысты рухани көзқарасты қалыптастыратын ескерткіш.

«Барлық кезеңде халық арасында жеті саны қасиетті саналды. Бұл ескерткіш өнер мен мәдениеттің символы ретінде қазақ халқының тарихындағы құндылықтардың маңызын еске салады», – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар, айтулы күні Бозтал ауылында жаңа ауылдық клуб ашылды. Жақын арада бұл жер ауыл тұрғындарының басын қосып, түрлі мәдени іс-шаралар өткізетін орынға айналады.

Айта кетсек, күрделі жөндеуден өткен ауылдық клуб ғимаратында бос уақытты пайдалы өткізуге барлық жағдай жасалған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button