Семейде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды
Бүгін облыс орталығында қиын жағдайа ұшыраған анадарды қолдау мақсатында дағдарыс орталығы ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, мәслихат төрағасы Данияр Шакаримов және БАҚ өкілдері қатысты.
“2022 жылғы 23 маусымда Мемлекет Басшысы республика бойынша әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі дағдарыс орталықтарын құруды тапсырды. «Дағдарыс» орталығы бүгінгі таңда 10-нан аса маманды тұрақты жұмыспен қамтып, 25 төсек орын қоры арқылы жыл сайын алдын-ала болжам бойынша 50 ананы оңалту шараларын ұсынатындығы көңіл қуантады”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Дағдарыс орталығының мақсаты психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Орталықта зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды оңалту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі көрсетіледі.
Әйел қауымының бос уақытына арналған теледидар мен жұмсақ жиһаз орнатылған демалыс бөлмелері қарастырылған. Сонымен қатар, ғимаратта оқыту үшін тренинг, семинарлар өткізуге арналған зал бар. Барлық жерде бейнебақылау орнатылған.
Semeynews.kz