Семейде кабель ұрлап, сатып жіберген күдікті қолға түсті
Облыс орталығында кабель ұрлап, сатып жіберген күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласында жедел қызметкерлермен кабельдерді ұрлап, түсті металдар қабылдау пункттеріне тапсырған облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Жаңа облыстың бас қаласы – Семей қаласын абаттандыру мақсатында сыртқы келбетін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
13 шілдеде мердігерлер қаланың жерасты өткелдерінің бірінде жарықтандыру жұмыстарын аяқтады. Алайда бір күн өтпестен қарақшылар жер асты өткелінен жарықтандыру құрылғылары мен электр сымдарын ұрлап әкеткен.
Ренжіген тұрғындар бұл жағдайды әлеуметтік желілерге жариялап, наразылықтар туып жатты. Полицейлер бір ай көлемінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның барысында сол кезде кабель ұрлығының 4 дерегіне қатысы бар күдіктіні анықталды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталған азамат “Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-нен басқа жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тағы бірнешеуіне залал келтірген. Шығын көлемі 1 млн теңгеден асады.
Semeynews.kz