Денсаулық сақтау

ҒАЛЫМЖАН ӘБІЛОВ АБАЙ АУДАНДА БОЛДЫ

16-17 тамызда Абай облыстық «ӘМСҚ» КЕАҚ филиалы директоры Ғалымжан Әбілов Абай ауданының медицина қызметкерлері және тұрғындарымен кездесті.
Сапар барысында Ғалымжан Әбілов 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша баяндама жасады.Осылайша, Абай ауданындағы сақтандырылмағандар саны аудандық аурухананың мәліметі бойынша 1590 адамды құрап отыр, ол 01.01.2023 салыстырғанда 34 адамға өсті.

«Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылы қор Абай ауданындағы медициналық ұйымдарды қаржыландыруды 10 миллиард теңгеге дейін арттырды. Мәселен, ағымдағы жылы халыққа медициналық қызмет көрсетуге 80 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, келісімшарттар жасалды, оның ішінде 34-і жеке және 31-і мемлекеттік. Өз кезегінде Абай ауданына 1 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде ТКМКК 500 млн теңге, МӘМС аясында 485 млн теңге», – деді Ғалымжан Әбілов

«БФАЖ» порталынан алынған мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы «Абай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК амбулаториялық-емханасын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ұлғаюы 21%-ды құрады. Қор жұмысының негізгі бағыттарының бірі халықпен кері байланыс және пациенттердің құқықтарын қорғау болып табылады. 2023 жылдың 1 жартыжылдығында қор филиалына 26 214 өтініш келіп түсті. Келіп түскен өтініштердің 30-ы алғыс болса, 138-і уақытша мәртебе беру туралы, 25494-і консультативтік сипаттағы өтініштер, қалған 552-сі Абай облысының медициналық ұйымдарына қатысты. Айта кетсек, 2023 жылдың 1 жартыжылдығында «Абай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-не 5 шағым түскен.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button