Абай облысыӘлеуметБілімҚоғамСемейТОП

Абай облысында балалардың білім алуына қажетті жағдай жасалуда

Абай облысында әлеуметтік осал отбасы балаларын мектеп формасы және кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асып жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде «Жаппай оқыту» қорынан мектепке қажетті киім-кешек пен кеңсе тауарларын алу үшін 22 165 баланың ата-анасының шотына 40 655 теңге аударылды.

Сондай-ақ, Абай облысында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатыр. Іс-шара аясында демеушілер есебінен жалпы сомасы 11 985 850 теңгеге 867 балаға көмек көрсетілді. Демеушілердің қатарында өңірдегі шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, білім беру мекемелерінің педагогтары, ХҚКО, әкімдік бөлімдері және т.б. бар.

Бұдан бөлек, облыс көлемінде 1 609 бала «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан қосымша көмек алады.

Еске салсақ, «Мектепке жол» акциясы 2023 жылдың 31 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button