Абай облысыБілімҚоғамСемейТОП
Абай облысында балалардың 70% қазақ тілінде оқуға ниет білдірді
2023-2024 оқу жылында Абай облысында 1-сыныпқа 11 мыңға жуық оқушыны қабылдау жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі уақытта ата-аналардан баланы мектепке қабылдау туралы 10 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 5016 – сы Семей қаласына тиесілі. Балалардың 70% қазақ тілінде оқуға ниет білдірген.
1-сыныпқа қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету «Электрондық үкімет» (egov.kz) веб-портал арқылы электронды форматында жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, мектептер дайындық деңгейіне қарамастан барлық білім алушыларды қабылдауға дайын. Сондай-ақ, балаларды тек шағын аудандағы мектепке ғана емес, басқа кез-келген мемлекеттік мектепке тіркеуге болады.
Semeynews.kz