Абай облысында көмір сату қарқынды жүргізілуде
Халық қыс мезгіліне белсенді дайындалуда, алайда көмір сату пункттерінде дүрбелең байқалмайды. 72-кварталда орналасқан көмір тұйығында қазіргі уақытта 880 тоннаға жуық көмір бар, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бұл жерге күніне бес вагон әкелінеді. Егер өзіңіз алып кететін болсаңыз көмірдің тоннасы – 12 500 теңгеден, ал жеткізумен сатып алатын болсаңыз тоннасы – 14 000 теңге.
“Бізде көмір бар. Қазіргі уақытта шамамен 880 тонна бар. Бағасы – 14 мың теңге жеткізу және 12 500 теңге өзі алып кету. Көмір қалыпты түрде сатылуда, биылғы жылғы ыстыққа байланысты көмірді сатып алуды сәл кейінірек бастауы мүмкін. Күніне бес вагон әкелінеді, әзірге ешқандай кептеліс пен проблема жоқ. Көмір Қаражыра кен орнынан әкелінеді. Көмірдің сапасы өте жақсы”, – дейді таразы кассирі Александр Уляшев.
Күніне орта есеппен халық 5 вагон көмір сатып алады, кем дегенде 70-80 өтінім келеді. Кептеліске жол бермеу үшін тұрғындарды маусым басталғанға дейін көмір сатып алуға шақырады.
“Біз халықты көмірдің сапасына өз көздерімен қарау үшін шақырамыз, өйткені пештер әркімде әр түрлі. Маусым басталғанға дейін көмір сатып алуға асығыңыздар”, – деп қорытындылады Александр Уляшев.
Semeynews.kz