Абай облысыҚоғамТОП
Семейде Абай облысында тігілген мектеп формаларының жәрмеңкесі ашылды

Абай облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен өңіріміздің жеңіл өнеркәсіп ұйымдарына қолдау көрсету мақсатымен 1-6 тамыз күндері аралығында мектеп формаларының жәрмеңкесі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Оған облысымыздың 5 кәсіпорыны өнімдерін ұсынып отыр. Тауар бағалары қол жетімді, сапасы жоғары.
Мекенжайы: Сәтбаев көшесі, 164 «Ертіс» сауда орталығы (Тері өңдеу зауыты ауданы)
Уақыты: 09.00-17.00 аралығы
Қатынайтын қоғамдық көліктер: № 2, № 3, № 16, № 22.
Облысымыздың тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге шақырамыз!
Semeynews.kz