Абай облысында аз қамтылған отбасынан 21575 адам атаулы әлеуметтік көмек түрінде мемлекеттен қолдау алуда
Қазіргі кезде Абай облысында 4325 аз қамтылған отбасынан 21575 адам атаулы әлеуметтік көмек түрінде мемлекеттен қолдау алуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ол отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етуге бағытталған.
Әлеуметтік кодекс аясында мемлекет тарапынан гранттар мен жеңілдетілген шағын несиелер беру арқылы өз ісін ашуға, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шаралары қарастырылған.
Айлық есептіңк көрсеткіш (АӘК) тағайындау үшін азаматтар үйден шықпай «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да өтініш бере алады.
Өтініш беруші қажетті құжаттарды тапсырған кезде оның «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Абай облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ресми парақшаларында танымдық-түсіндірі бейнероликтер орналастырылған.
Semeynews.kz