Абай облысыӘлеуметҚоғамТОП

Абай облысында NEET санатындағы жастармен жұмыс күшейтілді

Абай облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Шығыс Жастары» қоғамдық бірлестігі «NEET санатындағы жастармен жұмыс» жобасы аясында аудандарда ақпараттық кездесу жұмыстарын ұйымдастыруды бастады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Бүгінгі таңда NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау өте өзекті. Басты мақсат олардың санын азайту. Біз қоғамға қажет салалар бойынша арнайы өкілдердің бастарын біріктіре отырып, оларға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл жұмыстар өзге де елді-мекендерде жалғасады», – дейді жоба үйлестірушісі Сағыныш Игенбердыева.

Аталған жоба негізінде Абай, Аягөз, Бородулиха, Үржар, Жарма аудандарында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Аграрлық несие корпорациясы, Отбасы Банк және жастар ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік бағдарламалар таныстырылып, жастарға бағыт-бағдар берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button