Абай облысыӘлеуметҚоғамТОП

Абай облысы Көкпекті ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіліп келеді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Көкпекті ауданында айына екі рет тұрақты түрде жәрмеңке ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оларға ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздері де, Семей қаласы және елдің оңтүстік өңірлерінен де келген кәсіпкерлер өз өнімдерін саудалайды

Аудан тұрғындары өткізілетін жәрмеңкелердің арқасында табиғи және сапалы өнімдерді тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінен нарықтық бағадан орта есеппен 15-20% төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.

Ағымдағы жылдың басынан бері ауданда барлығы 13 жәрмеңке өткізілген, онда 12 тонна ірі қара еті, 6 тонна жылқы еті, 3 тоннадан астам қой еті, 5 тоннадан астам балық, 900 л бал, 8 тоннадан астам сүт өнімдері және 53 тонна көкөніс пен жеміс сатылды.

Сондай-ақ, Көкпекті ауданы әкімдігінің шақыруымен еліміздің оңтүстік өңірінің кәсіпкерлері арнайы келіп, жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауарларын аудан тұрғындарына төмен бағамен ұсынды.

Бұдан бөлек, Көкпекті тұрғындары үшін Семей қаласының тұрақтандыру қорынан төмендетілген бағамен: 4 тонна картоп, 2 тонна сәбіз, 2 тонна қырыққабат, 1 тонна күріш, 1 тонна қарақұмық, 1000 литр күнбағыс майы алып келінді.

Тұрақтандыру қорының барлық өнімдері нарықтық бағадан 30-35% арзан сатылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button