Денсаулық сақтау

15 шілде – Халықаралық гинеколог күні

Қазақстанда әйелдер денсаулығына, аурулардың алдын алуға көп көңіл бөлінеді.

Гинеколог – бұл әйелдің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жыныс мүшелері ауруларының алдын-алу, диагностикалау және емдеумен айналысатын дәрігер.

Бұл мамандардың қызметінің маңыздылығын асыра бағалау қиын, өйткені ана мен баланың өмірі мен денсаулығы, көбінесе оларға, олардың тәжірибесіне, білімі мен дағдыларына байланысты.

Әйелдер әртүрлі гинекологиялық аурулардың пайда болуының алдын алу сондай-ақ, оларды ерте кезеңде анықтау және емдеуді уақытында бастау үшін үнемі медициналық тексеруден (скринингтен) өтуі керек.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен бері пациенттер МӘМС аясында жоғары тиімді технологияларға, гинекологиядағы лапароскопиялық операцияларға қол жеткізді.

Жұмыс жасамайтын жүкті әйелдердің барлығы жеңілдетілген санатқа енгізілгенін және сақтандыру мәртебесіне ие екенін еске саламыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button