Денсаулық сақтау

ТМККК ЖӘНЕ МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Медициналық сақтандыру шеңберінде қазақстандықтарға ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың едәуір кең тізбесі қолжетімді. Қазіргі уақытта ТМККК шеңберінде пациенттер 50 ауру бойынша 300-ден астам дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тегін ала алады. Бұдан басқа МӘМС-те сақтандырылғандар үшін 79 ауру бойынша 250-ге жуық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қолжетімді.

Абай облысында 2023 жылғы 1 және 2 тоқсанда диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімінде 150 мыңнан астам пациент есепте тұр. Осылайша 2 млрд теңгеден астам соманы құрайтын 350 мың рецепт қамтылған, бұл 70 мың пациентті құрайды.

Дәрі-дәрмектерді тегін алу үшін не істеу керек?

Біріншіден, тегін дәрі-дәрмектерді алуға арналған рецептілерді учаскелік дәрігерлер мен медициналық ұйымдардың бейінді мамандары жазып беретінін атап өтеміз. Рецепт амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізіміндегі аурумен ауыратындарға беріледі.
– Емханаға (тұрғылықты жері бойынша) тіркелу қажет;
– Диагнозды растау үшін барлық қажетті тексерулерден өтіп, учаскелік дәрігердің есебінде болу керек;
– Кейін рецептпен және жеке басын куәландыратын құжатпен емхананың дәріханасына немесе ТМККК және МӘМС шеңберінде фармацевтикалық қызметтерді жүзеге асыратын дәріханаға жүгіну қажет.

Жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрілік заттар тегін беріледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button