Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Комсомол кентіндегі жеке тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Комсомол кентіндегі Архат көшесінде салынып жатқан жеке тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексерді.
Тексеру жұмыстарына мердігер ұйымдарының басшылары мен әкімдік өкілдері қатысты.
Шаһар басшысы құрылыс барысында мердігерлерге ескертулер жасады. Сондай-ақ, жобаның паспортындағы барлық сәйкессіздіктерді жою тапсырылды.
Айта кетейік, Комсомольский кентінде бір қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.
Semeynews.kz