ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде жолдарды жөндеу жұмыстары жүгізілуде

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр апта сайын тұрақты түрде жол жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін шаһар басшысы Суық бұлақ кентіндегі Цветочная көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарын тексерді. Қазіргі таңда Цветочная көшесіндегі жолға ірі түйіршікті асфальтбетоннан жасалған тегістеу қабатын және ЩМА-20 қолдана отырып, жолға орташа жөндеу жүргізілді.
Қала әкімі жол жиегін нығайту бойынша жұмыстарды жүзеге асыруды тапсырды.

2023 жылы жалпы ұзындығы 50 км болатын 40 көшеде жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Белгіленген кестеге сәйкес мердігерлік ұйымдар 10-нан аса көшеде жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов Құтжанов көшесіндегі тротуарды жөндеу жұмыстарын тексерді.

Жол жиектерін жөндеу жұмыстары қазіргі таңда Шугаев, Докучаев, Ыбраев, Құтжанов көшелерінде жүргізілді. Жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қаланың әр-түрлі аудандарындағы көшелерде жүргізілетін болады. Жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеуден өткізу кезінде жол жақтауларын (бордюрларды) ауыстыру жұмыстары қарастырылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button