Абай облысыӘлеуметҚоғамТОП

Абай облысының Жарма ауданында жиырма үй пайдалануға берілді

Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы Әуезов көшесінде жаңадан салынған 20 пәтердің кілттері көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтар санатындағы тұрғындарға табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жалпы аудан бойынша «Қуатты Өңірлер ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Қалбатау ауылында 30 пәтерлі 3 қабатты және екі пәтерлі 25 тұрғын үй салынуда. Қазіргі уақытта екі пәтерлі 10 үйдің құрылысы толық аяқталды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров қатысып, баспаналы болған тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады. Аудан басшысының айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың тарапынан халықтың баспана мәселесін шешуге айрықша көңіл бөлінуде.

«Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жаңа пәтерлерге ие болып, қолайлы баспанамен қамтылғандар саны артып келеді. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болып, береке-бірлігіміз арта берсін», – деді аудан әкімі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button