ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде Холодный ключ кентіндегі Цветочная көшесіндегі жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді

Семейде Цветочная көшесі жолға ірі түйіршікті асфальтбетоннан жасалған тегістеу қабатын және ЩМА-20 қолдана отырып, жолға орташа жөндеу жүргізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сондай-ақ, жақын уақытта жол жиегін нығайту көше бойын аббаттандыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы облыс орталығында жалпы ұзындығы 50 км болатын 40 көшеде жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Белгіленген кестеге сәйкес мердігер ұйымдар 10-нан астам көшеге жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Жұмыстар Би Боранбай, Стальский, Ертіс, Рысқұлов көшелерінде аяқталды. Сондай-ақ, Шугаев пен Докучаев көшелерінде борттық тастарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Первомайская, Жеңіс, Қорғаныс, Достық көшелерінде Профильді тегістеу және тегістеу қабатын төсеу жүзеге асырылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button