Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Абай облысының әкімі тұрғындарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді халқымыздың асыл мұрасы, тарихтың куәсі – Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын!

Өткеніміз бен бүгінімізді қос ішегі мен тоғыз пернесіне сыйдырған киелі аспабымызды құрметтемеген, үніне елтімеген жан кемде – кем.

Ұлы даланың дүбірінде Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйін күмбірлетіп, Әсет пен Әміренің әуенін әуелету арқылы дәстүрлі өнерімізді дәріптеудің тағылымы мол.

Атадан балаға, ұстаздан шәкіртке мұра болған қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.

Құндылығымыз артып, ел жүрегінен қоңыр үнімен орын таба білген домбыраның мәртебесі биік болып, әрбір қара шаңырақтың төрінен табылып, жас ұрпақтың бойына өр рухты сіңіре берсін!

Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев

Осы айдарда

Back to top button