Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 343-квартал ауданындағы, 1 ықшам ауданындағы, Шугаев көшесі 157а-157б үйлері, Дулатов көшесі 206-208 үйлері, Чехов көшесі 90-үй, Тельман көшесі 90-үй мекенжайындағы көп қабатты тұрғын үйлерінде жүргізіліп жатқан аула аумақтарының құрылыс жұмыстарын тексерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов мердігер ұйымдарға жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Қалалық әкімдік Семей қаласының абаттандырылуы, инфрақұрылымы мен аулалардың абаттандыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Биыл 180 тұрғын үйді қамтитын 70 аула аумағы күрдеулі жөндеуден өтеді.
Аула аумақтарын абаттандыру кезінде жылу трассаларының құбырлары мен су құбырларын ауыстыру, жарықтандыру, асфальт төсеу, балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын орнату жұмыстары бірге жүргізіледі.
Айта кетейік, қазіргі таңда қаланың әр-түрлі бөліктерінде 25 тұрғын үйдің ауласын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар қыркүйек айында толығымен аяқталатын болады.
Semeynews.kz