ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семей қаласында жер асты өткелдерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шаһар басшысы барлық жұмыстардың сапалы аяқталуы тиістігін атап өтіп, мердігер ұйымдардың басшыларына бірқатар ескертулер жасады.

Жалпы қалада 8 жер асты өткелі бар, биыл өткелдерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «ARLAN TRANS-LOGISTICS» ЖШС мердігерлік ұйымының күшімен өткелдер қалыпқа келтірілуде.

«Қаланың барлық жерасты өткелдеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылуда.
Қаладағы 8 жер асты өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Аталған жер асты өткелдерінде ішкі және сыртқы әрлеу, сырлау, әктеу, жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бейнебақылау камералары орнатылады.Сондай-ақ, жер асты өткелдерінің қабырғалары ұлттық нақыштағы муралдармен безендірілетін болады» – деп атап өтті мердігер мекеменің өкілі Темірлан Жаманқұлов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button