Абай облысыБизнесҚоғамТОП

Семейде бизнес пен кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау туралы семинар өтті

Абай облысында өнеркәсіптік кәсіпорындарды, шағын, орта және ірі бизнес пен кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге бағытталған семинар өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев атап өткендей, бірінші жартыжылдықта Абай облысында барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша жоғары көрсеткіштер белгіленіп отыр.

«Қазіргі таңда елімізде 442 жоба тіркелсе, оның 5-і Абай облысында. Одан кейінгі жылдары тау-кен байыту комбинатын салу жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Өндірісін кеңейткісі келетін инвесторлар да бар», – дейді Ардақ Зебешев.

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамыту үшін айтарлықтай қолдау шаралары қарастырылуда.

«Қазіргі таңда бизнес саласы өкілдеріне экономиканы дамыту, жаңа өндірістерді құруға инвестицияны тарту, жұмыс жасап тұрған өндірістерді кеңейту және жаңарту үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасалуда. Барлық салада гранттар, субсидиялар, жеңілдетілген несиелер, инвестициялық тізімдер бар. Биылғы жылдың басынан бері облыстың 138 кәсіпкері 5,9 млрд теңгенің қолдауына ие болды», – деді Абай облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов.

Айта кетейік, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында сауда нысандары 3 миллиард теңгеге дейін субсидия ала алатын құжат қабылданған болатын. Бұл сауда нысандарын жаңғыртуға бағытталған қажетті құрал болып табылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button