ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде жолдар қарқынды жөнделуде

Семейде қала ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі таңда Ертіс көшесінде асфальтбетон жабынын фрезерлеу жұмыстары жүргізілуде, Рысқұлов көшесінде тегістеу қабатын төсеу, Докучаева мен Шугаев көшелерінде борттық тастарды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Берел мен Би Боранбай көшесіндегі жол айрықта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жол құрылысы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылуда.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр апта сайын тұрақты түрде жол жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізуде. Бүгін қала басшысы аталған көшелерге барып, жол жөндеу жұмыстарын тексерді. Мердігер ұйымның басшылары қала әкіміне құрылыстың жағдайын баяндады.

Өз кезегіндн қала әкімі тиісті тапсырмалар беріп, жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, биыл Семейде жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 40 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button