Абай облысыӘлеуметҚоғамСемейТОП

Семей қаласы әкімінің орынбасары көпбалалы аналарды марапаттады

Семей қаласы әкімінің орынбасары Мұқатаев Жәнібек Қайратұлы «Алтын» және «Күміс» алқа иелері атанған көпбалалы аналарды марапаттады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін қала әкімінің орынбасары Мұқатаев Жәнібек Қайратұлы «Батыр ана» атағымен 30 ананы салтанатты түрде марапаттады, оның ішінде 6 алтын және 24 күміс алқалары табысталды.

2022 жылы Семей қаласында «Батыр ана» атағымен 2 202 ана марапатталған болатын. Бүгінгі таңда облыс орталығында 4 884 отбасы көпбалалы отбасы ретінде арнайы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуде. Аталған отбасыларда 21 159 бала тәрбиеленуде.

«Біздің халық әрқашан отбасы құндылығын жоғары қойған. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер»,- деді Жәнібек Мұқатаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button