Абай облысында 320 шақырымнан астам жол жөндеумен қамтылды

Абай облысында барлық деңгейдегі жолдарды жөндеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жол-құрылыс жұмыстарымен Қарауыл – Қоңыр әулие, Семей – Долон – Қоянбай, Новобаженово – Шүлбі, Зубаир – Петропавловка сияқты облыстық жолдардың бағыттары қамтылды. Бұл учаскелердің жалпы ұзындығы – 107,3 шақырым, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Айта кетейік, «Семей – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 15,8 км учаскесі аяқталды және пайдалануға берілді.
Бұдан басқа, аудандық маңызы бар жолдардың 25 учаскесінде – 138,2 км-ге орташа жөндеу жүргізілуде, оның ішінде – Жарқын, Шаған, Қыземшек, Верхне-березовский, Медеу, Орда, Малтыкөл, Дөненбай, Айғыз, Кіндікті, Тана-мырза, Өндіріс, Жыланды, Қарабас, Буркутово, Шұғылбай, Толағай.
Осындай жұмыс «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілуде, ол бойынша облыста 77 км кентішілік көше-жол желісін орташа жөндеу бойынша 33 жоба іске асырылуда. Жөндеу облыстың 26 тірек елді мекендерінде жүзеге асырылады: Семей – 1 жоба, Абай ауданы – 5 жоба, Аягөз ауданы – 3 жоба, Бесқарағай ауданы – 3 жоба, Бородулиха ауданы – 3 жоба, Жарма ауданы – 5 жоба, Көкпекті ауданы – 5 жоба, Ақсуат ауданы – 2 жоба және Үржар ауданы – 5 жоба.
Барлық жұмыстар қатаң белгіленген кесте бойынша жүргізіледі. Сапаны бақылау Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мен жұртшылықты тарта отырып, тұрақты негізде жүргізіледі.
Semeynews.kz