Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Абай облысының әкімі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев медицина қызметкрелерін кәсіби мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті медицина саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің адал кәсіптеріңіз бен ерекше миссияларыңыз адам өміріндегі ең құнды – денсаулығымызды сақтауға мүмкіндік береді. Сіздер адамдардың өмірін сақтап, аурудан айығуға көмектесу арқылы күнделікті ерлік жасайсыз.

Қазір көптеген жастар өз өмірлерін медицинамен байланыстырғысы келеді. Денсаулық сақтау саласы жаңа кәсіби кадрлармен толығып, жаңаруда, қоғамдағы дәрігерлер мәртебесі артуда. Мемлекет тарапынан бұл үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Жалпы алғанда, Абай облысының медициналық ұйымдарында 8,5 мыңнан астам білікті медицина қызметкері, оның ішінде екі мыңнан астам дәрігер және 6,4 мыңға жуық орта медицина қызметкері жұмыс істейді.
Өткен жылдың өзінде ғана өңірдің дәрігерлері түрлі ауруларды диагностикалау мен емдеуде, соның ішінде кардиохирургия, нейрохирургия, онкология сияқты күрделі бағыттарда бірқатар әлемдік инновацияларды енгізді. Балалардың денсаулығын жақсарту үшін көп нәрсе жасалды. Өңірде алғаш рет ядролық медицина және онкология орталығының базасында балаларға МРТ тексерулерін жүргізу мүмкіндігі пайда болып, перинаталдық орталықта шала туылған нәрестелердің ретинопатиясын емдеу басталды. Бұрын мұндай медициналық көмек тек Астана және Алматы клиникаларында көрсетілген еді.

Абай облысының денсаулық сақтау жүйесі бүгінде 345 медициналық ұйымды біріктіреді. Алдағы жылдары облыстың ауылдық өңірлерінде 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын пайдалануға беру жоспарлануда.
Осы және басқа шаралар бір жағынан халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, екінші жағынан медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз бен мамандыққа адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, амандық және табыс тілеймін!

Кұрметпен, Абай облысының әкімі
Нұрлан Ұранхаев

Осы айдарда

Back to top button