ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде дағдарыс орталығы ашылады

Ағымдағы жылы қалада тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға бағытталған 25 орынға арналған дағдарыс орталығын ашу жоспарланған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семейде әлеуметтік әл-ауқат пен жайлылық деңгейін арттыру үшін бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Атап айтқанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығын ашуға қаражат көзделген. Бүгін қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов орталықтың жөндеу жұмыстарын тексерді.

Қазіргі уақытта 35-квартал ауданында орналасқан бұрынғы тері-венерологиялық диспансер ғимаратын жөндеуден өткізіп, осы нысанды орталыққа беру процессі жүріп жатыр.

Тексеру жұмыстарына жұмыспен қамту және АХАТ бөлімінің басшысы Серік Жұмаділов, орталық жетекшісі мен мердігер ұйымдарының басшылары қатысты.

  • Ғимаратты сапалы жөндеуге назар аударған жөн. Нысанның тек Орталықтың ішінде ғана емес, сыртында да жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ аумақты абаттандыру қажет. Болашақ орталыққа келушілердің қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы туралы ойлану керек, орталықтың маңайына қоршау орнатылуы керек, – деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Дағдарыс орталығында зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің қолданыстағы стандарттарына сәйкес уақытша болу және тұру, қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жоспарланған.

  • Орталықта отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер мен олардың балалары уақытша орналастырылады. Қазіргі елдегі жағдай мұндай орталықтың ауадай керектігін көрсетіп отыр. Орталықты ашудағы мақсат – түрлі қиындыққа тап болған отбасына жан-жақты қолдау көрсету. Оның ішінде құқықтық және психологиялық қолдау да бар. Түрлі кедергіге ұшыраған отбасы қолдауды қажет ететіні сөзсіз, – деді жұмыспен қамту және АХАТ бөлімінің басшысы Серік Жумадилов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button