
Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов аулаларды аббаттандыру бойынша мердігер ұйымдардың жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Биыл Семейде 70-ке жуық аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда көп қабатты 10-нан артық тұрғын үйлердің аулаларын жөндеу жұмыстары басталды. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аулаларды тексерді.
“Біз аулаларды жасамас бұрын, жер астындағы желілерді де өзгертеміз. Себебі басты мәселе – абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін туындауы мүмкін. Мердігерлер жұмыстардың сапалы жүргізілуіне көңіл аударулары керек”,- деді қала басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Семей қаласында 576 аула бар. Оның 90%-ның тозығы жеткен. Биыл 180 тұрғын үйді қамтитын 70 ауланы күрделі жөндеуден өткізіп, әр жыл сайын аулаларды кезең-кезеңімен жөндеу жоспарлануда.
Semeynews.kz