ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 40 көшеде жоспарланған, қазіргі уақытта жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов Шугаев көшесіндегі жол жиектерін ауыстыру және жөндеу жұмыстарын тексерді, Би Боранбай және Ертіс көшелеріндегі жолдарды асфальттау жұмыстарымен танысты.

Бұл жолдарды жөндеу қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда.

– Қала тұрғындары үшін жолдардың жағдайы – өзекті мәселелердің бірі. Биыл қала шегінде 40-қа жуық көше жөнделеді. Басты тілек – келісілген мерзімдерді кешіктірмеу және жұмыстардың сапасы келісімшартта көрсетілген талаптарға сәйкес келуі, – деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button