Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде Ертіс өзенінің сол жағалауында аспалы көпірдің астында жаңа қоғамдық кеңістік пайдалануға беріледі

Қазіргі уақытта қаланың сол жағалауында аспалы көпір астындағы қоғамдық алаңның құрылыс жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов аспалы көпір астындағы қоғамдық орынның жөндеу жұмыстарымен танысты.

Аспалы көпірдің астындағы жұмыстар қызу жүріп жатыр. Муралдар бейнеленген және спорт алаңдары құрылған. Қала әкімі мердігер ұйымға адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беруді тапсырды. Қала әкімдігі көпір астындағы алаң бірнеше бөлікке бөлінетінін, воркаут-алаңдар, коньки паркі, фитнес-аймақ және балалар ойын алаңы құрылатынын айтты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button